Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

26 градусқа дейін жылы: Қазақстан бойынша 10 сәуірге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК Қазақстанда 10 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: city-izyum.pp.ua

Астанада ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8, түнде 9-10 метрге жетеді. Ауа температрасы түнде 1-3, күндіз 7-9 градус жылы болады. 

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 жылы.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста секундына 5-10 метрге жететін жел соғады. Түнде ауа температурасы 5-7, күндіз 20-22 жылы болады.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге барады. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 5-10 жылы.

Көкшетауда күн райы құбылмалы болады, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыстан соққан жел секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы – түнде 1-3, күндіз 5-7 жылы.

Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында жаңбыр, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, секундына 9-14 метрге барады. Түнде ауа температурасы 5-10 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 0-5 аяз, күндіз 12-17, таулы аудандарында 3-8 жылы болады. Қонаевта құбылмалы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 5-7, күндіз 14-16 жылы.

Түнде Жетісу облысының шығысында, орталығында, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз солтүстікте, шығыста, облыстың таулы аудандарында жаңбыр, облыс орталығында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс жел тұрып, жылдамдығы секундына 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, кейде секундына 23-28 метрге дейін барады. Түнде ауа температурасы 6-11 градус жылы, облыстың таулы аудандарында минус 3 -плюс 2, күндіз 12-17, облыстың таулы аудандарында 9 жылы болмақ. Талдықорғанда күн райы құбылмалы, түнде және күндіз аздап жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 15-17 жылы.

Түркістан облысында жауын-шашын түспейді. Батыстан соққан жел секундына 8-13 метрге деін барады. Түнде ауа температурасы 5-10, облыстың таулы аудандарында 2, күндіз 20-25, облыстың таулы аудандарында 17 жылы болады. Түркістанда бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы болады. Батыстан соғатын желдің екпіне секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 22-24 жылы болмақ.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыс, оңтүстік-батыстан тұрған жел секундына 9-14 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 16-21 жылы. Оралда күн бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Батыс, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы – түнде 6-8, күндіз 18-20 жылы.

Күндіз Атырау облысының солтүстік-шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі ықтимал. Батыс, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге жететін жел тұрады. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 20-25 жылы болады деп болжанған. Атырауда ауа райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы – түнде 7-9, күндіз 22-24 жылы.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 21-26, облыстың солтүстік-батысында 17 жылы болады. Ақтауда күн райы жауын-шашынсыз. Түнде тұман түсіп, шығыс, оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метрге жететін жел тұрады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 жылы болады.

Ақтөбе облысының түнде шығысында, күндіз солтүстігінде, батысында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 13-18, облыстың оңтүстігінде 21 жылы болмақ. Ақтөбеде құбылмалы күн райы сақталып, күндіз жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы – түнде 6-8, күндіз 15-17 жылы.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел секундына 9-14 метрге дейін барады. Ауа температурасы түнде 1-6, күндіз 5-10, облыстың оңтүстігінде 14 жылы болады. Қостанайда күн бұлтты болып, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста жел секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 7-9 жылы болмақ.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыс, солтүстіктен 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр жел соғады. Түнде ауа температурасы 2 аяз-3 жылы, күндіз 2-7 жылы болады. Петропавлда күн бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 2-4 жылы болады.

Павлодар облысында жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Батыстан соққан желдің екпіні 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 7-12 жылы болмақ. Павлодарда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Батыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 8-10 жылы болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз де, түнде де жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге барады. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 8-13, облыстың оңтүстігінде 16 градус жылы болады. Қарағандыда ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14, күндіз 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы – түнде 4-6, күндіз 8-10 жылы.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы, орталығында жаңбыр жауады. Облыстың батысынан соққан желдің екпіні секундына 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 12-17, облыстың оңтүстігінде 20 градус жылы. Жезқазғанда құбылмалы ауа райы болып, кейде жаңбыр жауады. Батыстан секундына 9-14 метрге дейін жететін жел тұрады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 13-15 жылы болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың шығысында 2 градус аяз, күндіз 8-13, облыстың шығысында 3 жылы болады. Өскеменде күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ауысады, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 10-12 жылы болмақ.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жалдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 7 градус жылы болады. Семейде күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан жедің екпіні секундына 7-12, күндіз 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 10-12 жылы болады.

Қызылорда облысында жауын-шашын түспейді. Батыс, солтүстік-батыстан секундына 8-13, күндіз облыстың орталығында 15-20 метрге баратын жел тұрады. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 19-24 жылы болады. Қызылордада ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метрге барады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 20-22 жылы болмақ.

Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 9-14, облыстың таулы аудандарында 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың таулы аудандарында 2, күндіз 16-21, таулы аудандарда 11 градус жылы болады. Таразда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге жететі жел тұрады. Ауа температурасы – түнде 5-7, күндіз 19-21 градус жылы.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатында бірқатар ұсыныс жариялаған еді. 

Талқылау