Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

26 адам қаза тауып, үйлер мен тарихи ғибадатхана жанып кетті: Оңтүстік Кореяда алапат орман өрті күшейді

Оңтүстік Кореяда орман өртеніп, қатты желдің салдарынан жалын 17 мың гектарға тарады. Кейінгі мәліметтер бойынша, 26 адам қаза тапқан. Оның ішінде тікұшақ ұшқышы да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: видео кадрларынан скрин 

Өртпен күрес бес күннен бері жалғасып жатыр. Жалын тұрғындар бар аудандарға тез жетті. Салдарынан 27 мың адамды шұғыл эвакуациялауға тура келді. Билік жүздеген тұтқындарды түрмеден шығаруға мәжбүр болды.

ТЖМ мәліметтері бойынша, өрт бүкіл ауданға зардап әкелген. 200-ден астам үй өртеніп, 1300 жылдан асқан Гунс ескі будда ғибадатханасы да қираған.

Жалынды сөндіруге 9 мың өрт сөндіруші, құтқарушылар мен әскери адам жұмылдырылған. Олар 500-ден астам арнайы техника мен тікұшақтарды пайдаланып жатыр. Алайда ұшақ апатынан кейін билік жанып жатқан жерлердің үстінде ұшуға тыйым салды. 



Өрттің күшеюі мен таралуына қатты жел мен құрғақ ауа райы ықпал етті. Қазір үш өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды.

“Еліміз тарихтағы ең алапат өртке тап болды! Егер жақын арада өртті жоя алмасақ, үлкен мәселелерге тап боламыз. Жалын басқа жерлерлерге жайылып, оны жою үшін ресурстар жеткіліксіз болуы мүмкін”, – деді Корея республикасы президентінің міндетін атқарушы Хан Док Су.

Талқылау