25 жастағы келіншек өз сіңлісін босанды
Шотландиялық әйел денсаулығына байланысты бала көтере алмаған анасына бала туып берді.

25 жастағы Холли Саммерс өзінің анасына осындай ерекше түрде көмектесетіні туралы шешімді еш ойланбастан қабылдады, деп жазады Daily Record.
Оның 49 жастағы анасы мен 46 жастағы өгей әкесі бала көтере алмаған. Холли анасы үшін бала көтеріп қана қоймай, жұмыртқа жасушасының доноры болды.
Бала босанған Холлидің үш жасар қызы бар. Холли жаңа туған қызды өз анасына тапсырды және оны сіңлісіндей көреді.
«Мен оны анама ешқандай күмән келтірмей тапсырдым», - деп әйел эмоцияларымен бөлісті.
Сондай-ақ ол болашақта отбасы қыздың туылуының егжей-тегжейін айтып беретіндігін айтты.
«Біз Виллоу (баланың аты) өскенде толықтай адал боламыз. Оның қалай өмірге келгенін айтамыз. Мұның бәрі маңызды», - деді Холли.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған