Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"243 миллион теңге залал келтірген": Өскемен облысында пара алған полиция басшылары бас бостандығынан айырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау органдарындағы жемқорлықтың жолын кесуге ерекше назар аударады. Таяуда бірқатар ішкі істер органдарының басшысы сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Өскемен әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметі

Өскемен соты әкімшілік полиция басқармасының басшысы А.А.Тернопольскийге және басқа адамдарға қатысты пара алу фактілері бойынша үкім шығарды. Ол жүйелі түрде мамандандырылған тұрақтардан автокөлік құралдарын заңсыз бергені үшін 20-дан 50 мың теңгеге дейінгі сомада пара алған. Сот үкімімен оған "полиция подполковнигі" арнайы атағынан айыра отырып, айыппұл салынды.

Сонымен қатар осы үкіммен парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі Р. А.Байтанбалиев және ШҚО ПД ӘПБ инспекторы М.Б.Ербаков, сондай-ақ көмек көрсеткені үшін №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Д.Т.Биекенов сотталды.

"Айыппұлдардың жалпы сомасы 22 миллион теңгеден асты. ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен Есіл ауданы ПБ анықтау бөлімінің бастығы Е.Жұманов 5 жылға шартты түрде сотталды. Ол ауыр қылмыс жасаған айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатқаны және дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін кінәлі деп танылды. Үкімдер заңды күшіне енді", – делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының аудандық сотымен облыстық полиция департаменті Мәртөк аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары А.М.Ерғалиев 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ол мемлекетке 243 миллион теңгеден астам сомаға залал келтіруге әкеп соққан заттай дәлелдемелерді (612 мыңнан астам қорап темекі) жеке меншікке заңсыз беру жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.



Ақтау қалалық соты облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Ш.Қалмұрзаевты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға соттады, ол ел аумағында болған кезде жалпы қамқорлығы үшін шетелдіктен 3 миллион теңге көлемінде пара алған. Барлық сотталған адам арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Еске салайық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры – оқу орнының басқарма төрағасы Әсет Қалиевтің ұсталғанын жазған едік. Әлеуметтік желілерде Әсет Қалиевтің 12 миллион теңге пара алу фактісі бойынша ұсталғаны және бір күн бұрын оның үйінде тінту жүргізілгені туралы ақпарат тарады.

Талқылау