"23 жыл армандадым": Индира Расылхан орамалына тиіскен оқырманына жауап берді
Танымал әнші Индира Расылхан хиджабы үшін оқырмандарынан оңбай сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/indirarasylkhan/
Өнер иесі дінге бет бұрып, әншіліктен қол үзген еді, алайда жақында үлкен сахнаға қайта оралды.
“Неше түрлі коментарий оқып жүрмін, оқи беремін де. Біздің әжелеріміз жабынған деп көп айтасыздар ғой, біздің қазақ әйелдерінене бөлек, басқа ұлт өкілдерінің әйелдері де орамал таққан”, – деп жазды әнші.
-
"Әртіс адамнан ақыл сұрай ма?": Индира Расылхан сахнаға не үшін оралғанын түсіндірді
-
"Ән айту – харам": Дінге бет бұрып, өнерден кеткен Индира Расылхан сахнаға оралды
Эстрада жұлдызының әлі күнге дейін дінге бет бұрғанын қабылдай алмайтын тыңдармандары бар екен.
“Оранғаның ұнамайды, қалғаны супер. Заң шығып, оранғандар орамалын шешіп, байырғы әдемі кейіпіңе келсең қуанамын", – деп жазған оқырман.
Осы ретте әнші орамалға қалай келгенін айтып, жан сырын ақтарды.
“Мен орамал шешетін болсам, қуанатын адамдар бар екен. Астағфируллаһ!
Бұл орамалға келу мен үшін неше жылдық арман екенін білсеңіз ғой. 20 жасымнан алла намаз бұйырған болса, тек 23 жылдан соң орамал бұйырды. Мен қаншама жыл армандадым. Сіздей адамды қуанта алмайды екенмін олай. Алла осы орамалымды ақырғы деміме дейін шешпеуімді нәсіп етсін!" – деп ренішін жасырмады өнер өкілі.
Айта кетейік, Индира Расылхан той үстінде тосын оқиғаға тап болғанын жазған едік.