23 қазақстандық азамат Тәжікстаннан отанға оралды
Бүгін Тәжікстаннан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген ұшақ әскери дәрігерлермен бірге Алматы әуежайына аман-есен келіп қонды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар жоқ. Жолаушылардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы медициналық тексерістен өтіп, карантинге жіберіледі. Сонымен қатар әскери қызметшілер Тәжікстан Республикасының 20 азаматын Шымкенттен әскери көлік ұшақтарымен тасымалдады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясынан 33 қазақстандық әскери көлік авиациясымен эвакуацияланған, екеуі Кувейттен және оннан астам азаматтарымыз Қырғызстаннан Қазақстанға аман-есен оралған болатын.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ