2025 жылы Құрбан айт қай күндерге келіп тұр
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. “Құрбан айт” 6 маусым күні басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Хижри айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.
2025 жылғы “Құрбан айттың” үш күні 6 маусымнан 8 маусымға дейін белгіленген.
Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.
“Құрбан айт” намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет.
Еске салсақ, 2025 жылы Рамазан айы қай күндер арасында болатыны белгілі болған еді.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады
Алматы облысында 15 жастағы қыз өзін 8 жігіт екі ай бойы зорлап келгенін айтты (видео)
Күдіктілердің ең үлкені 26 жаста, ең кішісі – 16-да