AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2025 жылға дейін 2 млн адамның тұрақты жұмысы болады": Смайылов халықты жұмыспен қамту және табысын арттыру мәселесіне тоқталды

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов елімізде жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру мәселесі үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жұмыс

"Жаңа Қазақстан" бағдарламасына сұхбат берген Смайылов халықтың табысын арттыру үшін 2025 жылға дейін арнайы бағдарлама қабылданғанын жеткізді.

"Жұмыспен қамту мәселесі мен халықтың табысын арттыру мәселесі – ең негізгі сұрақтардың бірі. Сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, халықтың табысын арттыру үшін 2025 жылға дейін арнайы бағдарлама қабылданды. Бағдарлама шеңберінде біз 2025 жылға дейін 2 млн адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтуымыз керек. Биыл 400 мың адам тұрақты жұмыс орнына орналасады", – деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша, биылғы жылдан бастап мемлекет тарапынан субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарының көлемі ұлғайтылмақ. Осы орайда билік жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыспен қамту мәселелерін қаржыландыруды биылдан бастап көбейткен.



"Биыл 100 мың жұмыс орнына қосымша 77 млрд теңгені бөліп отырмыз. Сонымен бірге "Алғашқы жұмыс орны" деген жастарға арналған бағдарламаны ұлғайтып және оның шарттарын жақсартуға жағдай жасадық. Мәселен, 2019 жылы Жамбыл облысында маңызды пилоттық жобаны іске асырдық. Ауылдық жерлерде жеке кәсіпкерлер мен үй шаруаларына берілетін өте төмен 2,5% берілетін несие ұйымдастырдық. Бұл жоба 11 ауылдық округте жасалды. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың саны осы 11 округте 65% төмендеді. Сондай-ақ жұмыссыздық деңгейі 36% төмендеді. Ал халықтың табысы 165% өсті. Осы пилоттық жобаның нәтижесін көріп, осы бағдарламаны барлық өңірде іске асырамыз деген жоспарымыз бар. Әр облысқа келесі жылы 10 млрд теңгеден бөліп, тиісті тәсілдер іске асқаннан кейін біз бұл қаражатты ұлғайтамыз", – деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр сонымен қатар еліміздегі баспана мәселесіне де тоқталып өтті. Мемлекет жылжамайтын мүлік нарығының бағаларын реттемейді деген ол, тиісті мониторинг шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Нарықтағы бағаның өсуіне немесе өспеуіне тікелей ықпал ететін – құрылыс материалдары. Мемлекет сол құрылыс материалдарының бағаларының өспеуіне тиісті шаралар қабылдауы қажет. Біз мысалы, 107 инвестициялық жобаны іске асырамыз және олардың көлемі 5 жылдың ішінде 1 трлн теңгеге дейін жетеді. Сол инвестициялық жобалар отандық құрылыс материалдарын шығаруға бағытталды. Соның нәтижесінде, біз ішкі нарықта импортқа тәуелді болмасақ, өзіміздің отандық құрылыс материалдарын қажетті деңгейде шығаратын болсақ бұл тұрғын үй бағаларының тұрақтануына тікелей әсерін тигізеді", - деп түсіндірді Смайылов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр