2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемі қандай болады
"2024-2026 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында 2024 жылға арналған ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемі белгіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы министрлігі дайындаған заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған және жалақы мен өзге төлемдер мөлшері 2024 жылдың 1 қаңтарында белгіленеді:
- Ең төменгі жалақы – 70 000 теңге;
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
- Ең төменгі зейнетақы көлемі – 57 853 теңге;
- Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылға арналған АЕК мөлшері туралы хабарлаған едік. Аталған заңға сәйкес келер жылы АЕК көлемі 3692 теңге болады.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”