Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2024 жылы "7-20-25" ипотекаға 100 миллиард теңге бөлінді

"7-20-25" ипотекалық несиелендіру бағдарламасының шарттары бойынша бюджет әр жылға жеке белгіленіп, 100 миллиард теңгеден аспауы тиіс. Осыған байланысты 2024 жылға арналған бюджет лимитін 2023 жылға ұқсас 100 миллард теңге көлемінде белгілеу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: photoby.ru

Сонымен бірге бағдарламаның бір жылдық бюджетін біркелкі игеру үшін банктер беретін қарызды талап ету құқығын сатып алуға бағытталатын қаражат тоқсан сайын 25 миллиард теңгеден бөлінді. Бұл шешім жылдың қай уақытында болмасын тұрғын үй сатып алуды жоспарлаған азаматтардың жеңілдікпен несие алуына жағдай жасайды.

Тепе-теңдікті сақтау мақсатында осы бағдарлама аясында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген ипотека қарыздарын талап ету құқығын сенімгерлік басқарғаны үшін алатын банктердің сыйақысын жылдық 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылданды. 

Қабылданған бұл шара "7-20-25" бағдарламасының операторы – "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ-ның шығынын азайтуға, сонымен қатар банктердің бағдарлама аясында кредит беруге деген ынтасын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл шешім 7% деңгейінде сақталатын түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесіне әсер етпеуге тиіс.

Айта кетейік, бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 25 жылға дейін 7 пайыздық жеңілдікпен және 20 пайыздық бастапқы жарнамен қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы басталған болатын.

2023 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарлама бойынша 974,1 миллиард теңгеге 71 699 жеңілдетілген несие берілді.

Талқылау