2023 жылы әлем халқы 66 миллионға толыққан
Германияның Жер тұрғындары қоры 2023 жыл ішінде әлем халқы шамамен 66 миллион адамға толыққанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қордың мәліметінше, қазір жер бетінде 8 миллиардтан астам адам тұрады.
2023 жылы адамдар саны жаңа ең жоғары деңгейге жеткенімен, Жер бетінде өсу қарқыны баяулауды жалғастыруда. Дүние жүзіндегі халық саны 1965-1970 жылдар аралығында ең көп көлемде өскен. Дегенмен қазір Жер бетіндегі адамзаттың өсу қарқыны БҰҰ мәліметтері бойынша салыстырмалы түрде екі есеге жуық төмендеген.
Өсу қарқыны жер шарының әр аймағында әртүрлі болмақ. Мәселен, DSW мәліметтері бойынша, 2080 жылға қарай Африкада 2,5 миллиард адам тұрады. Бұл қазіргіден екі есе көп.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"