2023 жылы АҚШ-та өткен қысқы Универсиадада Қазақстан 11-ші орын алды
2023 жылы АҚШ-та өткен ХХХI қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасы 11-ші орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар 11 медаль жеңіп алды, оның ішінде үш алтын, төрт күміс және төрт қола.
Лейк-Плэсид қаласында өткен негізгі қысқы жасөспірімдер жарысында Жапония 48 медальмен (оның 21-і алтын) бірінші орынды иеленсе, Оңтүстік Корея екінші орында (29 медаль, оның 12-сі алтын), үшінші орында Канада (алты медаль, барлығы алтын) құрамасы тұрақтады.
Турнир 12-22 қаңтар аралығында өтті. Лейк-Плэсид өз тарихында екінші рет Қысқы Универсиаданы қабылдағанын айта кетейік, алдыңғы ойындар 1972 жылы Американың дәл осы қаласында өткен.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

