2022 жылы жаңа туған сәбилерге қандай есімдер көп қойылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы туған ұл балалар Әлихан деген есім, қыздарға Медина есімі көп қойылған.

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылдың басында қойылған ең танымал 10 есімді жариялады. Бұл, жаңа туған нәрестелерге қатысты.
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығындағы ең танымал ер есімдер рейтингінде: Әлихан, Алдияр, Айсұлтан, Әмір, Омар, Әли, Нұрислам, Бейбарыс, Алан және Әлинұр есімдері бар.
Жаңа туған қыздарға биыл Медина есімі жиі қойылды. Сондай-ақ жоғарыда: Айша, Айлин, Асылым, Томирис, Раяна, Аяла, Сафия, Айзере және Әмина есімдері жиі кездеседі.
Сонымен қатар, сіз де өз есіміңіздің Қазақстан бойынша қаншалықты жиі кездесетінін департаменттің сайтынан біле аласыз.
Атырау тұрғыны әйелі мен қызын перзентханадан қайықпен күтіп алды (видео)
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі