Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау тұрғыны әйелі мен қызын перзентханадан қайықпен күтіп алды (видео)

Атырау облысының тұрғыны әйелі мен жаңа туған қызын ерекше қарсы алды. Ер адам сүйіктісі мен қызын қайықпен күтіп алды. Бұл сәт желіде қызу талқыға салынды. 

Қызылқоға ауданы Жангелді ауылында таяуда тасқынның салдарынан жол жабылды. Ер адам әйелі мен жаңа туған қызын резеңке қайықпен перзентханадан алып келуге бекінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ATPress.kz басылыына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде  романтикалық видео тез тарап кетті. Бейнежазбада көрсетілендей, резеңке қайықпен жақындап келе жатқан әйел мен нәрестені ауыл тұрғындары өзен жағасынан қарсы алды. Олар мереке ұйымдастырып, музыка ойнатылды. Бесінші рет әке атанған отағасы Адамзат Нұрмұхановтың қуанышында шек жоқ.

“Қызым 2900 келі болып өмірге келді. Біз оған Нәзік деген ат қойдық. Су тасқынынан облыс орталығына көлікпен бара алмаймыз. Құтқарушылар моторлы қайық ұйымдастырды. Менің қызым осындай жағдайда дүниеге келді. Ал концерттік бағдарламаны отбасылық достарымыз ұйымдастырды. Бұл виде тез тарайды деп күтпеген едім”, – дейді 34 жастағы көп балалы әке Адамзат.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары отбасын толықтыруларымен құттықтаса, кейбіреулер сәбиге Толқын немесе Тасқынгүл есімдерін қоюды ұсынып жатыр.


Перзентханадан ұрланған бала 16 жылдан кейін отбасына қайта оралды

Талқылау