Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2022 жылы Қазақстанда көмір бағасы қанша болады – Министр айтты

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев биыл көмірдің бағасы қанша болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан мен Қырғызстан көмір үшін Ресеймен келісе алмай отыр

Оның айтуынша, көмір қоры жеткілікті болғанымен, Алматы, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының тұрғындары баяу сатып алып жатыр. Қазір халық тұтынатын көлемнің 31 пайызы ғана сатып алынған. Бұл облыстардың әкімдіктері қазірдің өзінде шұғыл шаралар қабылдауы қажет, деді ол.

"Көмір орындарының арқасында баға тұрақты болып тұр. Өткен жылмен салыстырғанда Шұбаркөл көмір орнында баға арзандады. Өткен жылы 6224 теңге болса, қалған орындар былтырғы бағаны ұстап тұр. ҚТЖ-мен де келісімге келдік, олар тарифті көтермей бұрынғы деңгейде ұстап тұрады. Қазір ең арзан бағалар Солтүстік Қазақстан облысы мен Атбасарда, тоннасы 14,5 мың теңгемен сатылып жатыр. Шұбаркөл көмірі – 15 мың теңге. Ақмола облысында – 22 мың теңге. Ең шалғай ауылда баға 25 мың теңгеге жетеді", - деп түсіндірді министрі.



Қайырбек Өскенбаев алдағы жылыту маусымына дер кезінде дайындалу үшін әкімдіктер нысандарды уақытылы дайындау мақсатында барлық жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету керектігін баса айтты. Ол көмір тапшылығын және қажеттілікті өтеу үшін сондай-ақ көмір бағасының заңсыз өсуіне тосқауыл болу үшін көмір жеткізушілермен белсенді ынтымақтастық қажет екенін атап өтті.

Министр қаңтар-шілде аралығында 66,4 млн тонна көмір өндірілгенін атап өтті. "Шұбаркөл көмір", "Шығыс", "Майкөбен-Вест" және "Қаражыра" орындары айтарлықтай өсім берген. Сонымен қатар шаруашылық пен тұрғындардың қажеттіліктеріне 4,5 миллион тоннаға жуық көмір, энергия өндіруші кәсіпорындарға 35 миллион тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 4,2 миллион тонна көмір жөнелтіліп, 19 миллион тоннасы экспортқа жіберілген.
Сондай-ақ, министр автономды қазандықтарға отынды уақытылы дайындап, бар дебиторлық берешекті өтеу шараларын қабылдауды тапсырды.

Талқылау