2022 жылдың басты түсі таңдалды
Америкалық Pantone түстер институтының мамандары дәстүр бойынша 2022 жылдың басты түсін таңдады. Орталықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандар күлгін-қызыл реңктері қосылған көк түсті белгілеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Күлгін-қызыл реңтері бар көк түсті Pantone 17-3938 Very Peri қуат мен жақсы көңіл күй сыйлап, сенімді шығармашылық қадамдар жасауға әсер етеді", - деп түсіндірді институт директоры Леатрис Эйсман.

Pantone институтында оқшауланудан шыққан соң адамдардың ойы мен стандарттары өзгеретінін, шын және виртуалды өмірлер жаңа байланыс табатынын айтты. Мамандар ойын трендтері мен метағаламның дамуына, сандық әлемдегі шығармашыл ортаның дамуын қосып өтті. Олардың сөзінше, Very Peri түстердің шынай өмір мен сандық әлемде көрініс табуын бейнелейді.
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді
Сарапшы: "Негізгі айырмашылық бағада емес, қаржыландыру тетігі мен мәміленің құқықтық құрылымында"