Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап әлеуметтік төлемдер қанша өсті?

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘҚҚ) мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 4%-ға өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теңге

Бұл "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілген өзгеріске байланысты. 2022 жылдың басынан бері бұл әлеуметтік төлемдер 5 пайызға өсті.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдерді мемлекеттік базалық әлеуметтік төлемдерден басқа әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып саналатын жұмыс істейтін азаматтар алады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 81,6 мың адам мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алады. Бюджеттен төленетін мүгедектік бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 54 608 теңге болса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдерді есепке алғанда барлығы 84 353 теңгені құрайды.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 54,2 мың адам асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылардың орташа мөлшері 45 627 теңгені құрайды, оның ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер – 76 443 теңге.

Жалпы, жұмыс істейтін қазақстандықтарға төленетін төлемдердің орташа мөлшері әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын тұлғаларға төленетін төлемдермен салыстырғанда 30 мың теңгеден асады.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан ұлғайтылған әлеуметтiк төлемдердi алушыларға ағымдағы жылдың маусым айында сәуір және мамыр айларындағы қосымша төлемдер ескерiле отырып аударылады.


Қазақстанда көлік құны неге қымбаттап барады? Вице-премьер түсіндірді

Талқылау