Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2021 жылы қай категориядағы мұғалімдердің жалақысы көтеріледі: Білім министрі жауап берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қай категориядағы мұғалімдердің айлығы 25% өсетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жас мұғалімдер

"2021 жылдың қаңтарынан бастап барлық педагогтардың жалақысы 25 пайызға арттырылады. Айта кету керек, педагогтардың жалақысын көтеру туралы сөз қозғағанда біз тек мектеп мұғалімдерін ғана емес, балабақшалар, колледждер, қосымша білім беру жүйесінің педагогтерін де қамтимыз", - деді БҒМ басшысы ОКҚ онлайн-брифингінде.

Сондай-ақ министр, біліктілік санаты үшін қосымша төлемдер туралы еске салды "бізде мұғалім өз жалақысының 30-дан 50 пайызға дейін ала алады. Егер ол шебер болса, ол ай сайынғы қосымша төлем ретінде жалақысының 50 пайызын ала алады. Ағылшын тілінде пәндерді жүргізгені, дәптерлерді тексергені, сынып жетекшілігі, магистр дәрежесі үшін біздің әріптестеріміз алғаш рет ай сайын 27 мың теңге көлемінде қосымша ақы ала бастады", - деп қосты Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, ЖОО оқытушыларының жалақысы артады. 

Талқылау