2020 жылы Рамазан айы қай күні басталады: Қазақстанның мүфтиі күнді жариялады
ҚМДБ қасиетті Рамазан айының басталу күнін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онлайн-брифингте ҚМДБ бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан, Қырғызстан діни басқармасымен ақылдаса отырып, қасиетті Рамазан айы 24 сәуірде басталатынын мәлімдеді.
"Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарды ауызашар жасап, қонақ шақырмауды сұраймын және де көпшілік жиналатын мейрамханаларға барудың да қажеті жоқ. Ал, тарауих намазына келер болсақ, оны үйде оқуға кеңес беремін. Бұл сынақтан өткеннен кейін, жамағат болып мешітке оралып, намазды бірге оқитынымызға кәміл сенемін", - деп қосты бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сөз соңында мүфти еліміздегі православтықтарды келе жатқан "Пасха" мейрамымен құттықтады.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған