Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2020 жылы әлемдегі ең бай төрт адамның байлығы одан сайын артты

Әлемдегі ең бай төрт адамның 2020 жылы одан сайын байлығы артты. Джефф Безос, Илон Маск, Билл Гейтс және Бернар Арно дүниежүзілік коронавирустық пандемияға қарамастан өз дәулетін еселей түсті.

билл

Bloomberg Billionaire индексіне сәйкес, 2019 жылдың 16 желтоқсанынан 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін Джефф Безостың байлығы 61 пайызға өсті. Бір жыл ішінде ол өзінің байлығына 70 миллиард доллар қосты, ал оның жалпы байлығы 185 миллиард долларды құрайды.

Екінші орында SpaceX-тің бас директоры Илон Маск, ол осы жылы Starlink жер серіктерін ұшырып, Starship зымыранын сынақтан өткізді. Ол адамдарды Марсқа апарады деп үміттенеді. Маск соңғы 12 айда өзінің байлығын 461,6 пайызға көбейтіп, 127 миллиард доллар тапты. Қазір оның байлығы 155 миллиард долларды құрайды.

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтстің байлығы 13,9 пайызға өсіп, былтырғы желтоқсаннан бастап 15,7 миллиард доллар пайда тапса, Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) тобының төрағасы және бас атқарушы директоры Бернар Арно өзінің жеке капиталын 6 пайызға өсірді. Капиталына 6,3 миллиард доллар қосты. Гейтстің байлығы - 129 миллиард доллар, ал Арноның табысы - қазір 112 миллиард доллар.

Бернард Арно жақында Facebook-тің бас директоры Марк Цукербергтен асып, төртінші бай адам болды, ол 2020 жылдың 13 желтоқсанынан бастап 1,89 млрд доллар тапты.

«Олардың байлығының өсуі соншалық, олар тек АҚШ-тағы әрбір ер адамға, әйелге және балаға 3000 доллар көлемінде ынталандыру төлемдерін бере алады және олар тоғыз ай бұрынғыдан гөрі дәулетті бола алады», - деді Фрэнк Клементе.

Әлем мұндай байлықты бұрын-соңды көрген емес деді ол.

Талқылау