Токиодағы Олимпиада жүлдегерлері Чиншанло мен Сонға Toyota Camry 70 сыйға тартылмақ
Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоны жаңа Toyota Camry 70 көліктерімен марапаттайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшыларға автокөліктің кілтін Федерация президенті Жанат Түсіпбеков жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында табыстайтын болады.
Сонымен қатар спортшылардың жеке жаттықтырушылары мен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы ақшалай сыйақыға ие болады, деп хабарлады ФТА баспасөз қызметі.
Токиодағы Олимпиада ойындарында Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанса, Зульфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алған болатын.
Бұған дейін, спортшылар Қазақстанға оралып, оларды Алматы әуежайында салтанатты түрде қарсы алғанын жазған болатынбыз.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”