Игорь Сон Токио Олимпиадасында қола жүлде иеленді
Токио Олимпиадасында ауыр атлетикадан 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен зілтемірші Игорь Сон қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық спортшы қос сайыс нәтижесінде 294 (131+163) келіні бағындырды.
61 келіге дейінгі салмақтағы бәсекеде алтын жүлде қытайлық Фабинь Лиге (313 келі: 141+172) бұйырса, күміс Индонезия спортшысы Джули Ираван (302 келі: 137+165) қанжығасында кетті.
Қытайлық зілтемірші серпе көтеруде 172 салмақты еңсеріп Олимпиада рекордын орнатты.
Айта кетейік, Игорь Сон сынға түскен салмақта кіл мықтылар бақ сынасты: Джули Ираван (Индонезия), Абдурахим Алсалим (Сауд Арабиясы), Ким Туан Тач (Вьетнам), Шота Мишвелидзе (Грузия), Еичи Итоказу (Жапония), Фабинь Ли (Қытай), Чан-Хун Као (Тайбэй), Давиде Рую (Италия). Бәрі де жүлдеден үмітті болды.
Бұған дейін Қазақстан қоржынына дзюдошы Елдос Сметов қола жүлдені салған еді.
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады
Алматыда Непалдағы ауқымды сел тасқыны қайталануы мүмкін бе: Сарапшылар қауіпті бағалады
Сарапшы Ақсай бөгеті құрылысының тоқтап қалғанына алаңдаулы