Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2020 жылға арналған жұлдыз жорамал Мерген

2020 жылы Мергендер үнемі қиын жағдайлардан шығудың жолын іздейтін болады. Сонымен қатар алдағы жылы көп нәрсеге қол жеткізе аласыз. Тышқан жылы кез келген жағдайда өз пікіріңізде қалып, өз жолыңыздан айнымаңыз. 

2020 жылдың басы, яғни қаңтар-наурыз айлары Мергендер үшін тыныш уақыт болады. Десе де өмірлік серігін іздеп жүргендерде болашағын өзгерту мүмкіндігі туындайды. Бұл кезеңде, әсіресе, қаңтар айының маңызы жоғары. Дәл осы айда жеке өміріңізге қатты әсер ететін жайттар орын алуы мүмкін. Сондықтан мұқият болыңыз.

2020 жылдың сәуір-маусым айларында Мергендерді өмірінің бірқатар саласында, әсіресе, қаржы саласында сәттілік күтеді. Бұл уақытта үлкен табыс келеді деп күтудің қажеті жоқ. Алайда кейде берілген мүмкіндіктің өзі жоспарды жүзеге асырудан анағұрлым маңызды болып жатады. Алдыңызға нақты жоспарлар қойып, тынбай еңбектеніңіз. Көктем және жаз мезігілінің басы жаңа қызметке қол жеткізуге қолайлы. Сонымен қатар өзіңізді кәсіби тұрғыда дамыту үшін де жайлы болмақ. 

Маусым айының соңы мен қыркүйек аралығында Мергендерге өзінің және жақындарының денсаулығына мән берген жөн. Бұл кезең – демалып, ем алуға таптырмас уақыт. Сондықтан кезекті еңбек демалысыңызды осы уақытқа жоспарласаңыз, өкінбейсіз. Ал жаздың екінші жартысы шығармашылық үшін қолайлы болады. Аталған кезеңде Мергендердің кейбірі өзімен-өзі қалғысы келеді. Сондықтан жаныңыз тыныштықты қаласа, табиғат аясында демалғаныңыз жөн.

Қыркүйек айы өміріңіздің барлық саласы үшін маңызды. Сондықтан өміріңіздегі ең маңызды деген жайттарды осы уақытқа жоспарлауға тырысыңыз.

Күз мезгілінің соңы мен қыстың басы Мергендерге тыныштық сыйлайды. Бұл аталған жұлдыз белгісі өкілдері үшін жыл ішіндегі ең тұрақты уақыт болмақ. Сол себепті жұлдыздар өмірден барынша ләззат алуға кеңес береді. 

2020 жылға арналған барлық белгілердің жұлдыз жорамалын мына жерден көріңіз

Талқылау