Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Хэллоуин тойлағандар жаппай ұсталды

Хэллоуин жасөспірім полиция
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Алматыда Хеллоуин мерекесін тойлағандардың жаппай ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Полиция түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Egov.press Telegram арнасында жарияланған ақапаратқа сенсек, Алматыда Хэллоуин мерекесін тойламақ болғандар неше түрлі костюм киіп көшеге шыққарн. Алайда оларды полиция қызметкерлері ұстап әкеткен. 

Видеодан Жібек жолы көшесіндегі полиция бөлімшесінің маңына көп адамның жиналғанын көруге болады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы ауданында қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық іс-шаралар жүргізілген.

“Полиция мерекелік іс-шараларды өткізуге, тұрғындардың жаппай демалуына және бос уақытын ұйымдастыруына кедергі келтірмейді. Сонымен қатар ішкі істер органдарының басты міндеті – қоғамдық кеңістіктегі барлық адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен ықтимал оқиғалардың алдын алу", – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Полиция өкілдерінің айтуынша, рейд кезінде кәмелетке толмағандар көптеп жүрген. 

“Арбат" жаяу жүргіншілер аймағында түнгі уақытта заңды өкілдерісіз жүрген 28 жасөспірім анықталды”, – деп мәлімдеді полиция. 

Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді.

Тәртіп сақшылары заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына тыйым салынғанын еске салды.

“Ата-аналарды балаларының бос уақытын ұйымдастыруға жауапкершілікпен қарауға, олардың қайда жүргенін және кімдермен араласатынын, әсіресе кешкі және түнгі уақытта бақылауға шақырамыз. Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілі”, – дейді полиция қызметкерлері. 

Олар профилактикалық жұмыстың құқық бұзушылықтардың алдын алуға, кәмелетке толмағандарды қорғауға, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде кәмелеттік жасқа толмаған балаларды күштеп ұстап тұрған полиция қызметкерлерінің бейнеролигі тарады. Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 17 тамыз күні түнгі уақытта Астана қаласының Сарыарқа ауданында полиция қызметкерлері ересектердің еріп жүруінсіз жүрген 10 және 12 жастағы екі кәмелетке толмаған баланы анықтады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицейлер заңда көзделген шараларды қабылдады: кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізу және заңды өкілдеріне тапсыру қажет болды. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 02 Қараша, 2026 11:52