Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2020 жылға арналған жұлдыз жорамал Балықтар

Егер алдағы уақытта жүзеге асырамын деп жүрген арман-мақсаттарыңыз болса, оларды қолға алатын уақыт жетті. 2020 жылы әрбір әрекетіңіз өнімді болады және жолыңызда шығатын кедергілер тосқауыл бола алмайды.

Тышқан жылы Балықтарға өзін және айналасындағыларды өзгертудің мүмкіндігі туындайды. Алайда өзгерістерді асықпай жүзеге асырып, мақсатыңыз игі болуы тиіс. Алдағы жыл өміріңіздің барлық саласы – махаббат, шығармашылық, қаржы үшін сәтті болады. 

2020 жылдың басы, яғни қаңтар мен наурыз айының соңы Балықтар үшін тұрақты болады. Жұлдыздар бұл уақытта жеке өміріңізге қатысты көптеген жағдай орын алатынын айтады. Сонымен қатар аталған уақыт қарым-қатынастарыңызды реттеуге қолайлы. 

Сәуір айынан бастап Балықтардың өмірінде күтпеген өзгерістер орын алады. Мұндай жайттар маусым айына дейін жалғасады. Ұстамдылық танытып, жағдайларды асықтырмауға тырысыңыз – барлығы өздігінен реттеледі. 

2020 жылдың маусым-қыркүйек айларында Балықтардың өмірі өзгере бастайды. Алайда оны өзіңіз де бірден байқамауыңыз мүмкін. Уайымдамаңыз, бұл уақытта өміріңізде болатын өзгерістердің барлығы – жағымды әрі қажетті.

2020 жылдың соңғы үш айы аталған жұлдыз белгісі өкілдері үшін қарқынды болып, көп күш-жігерді қажет етеді. Сонымен қатар бұл өзіңізді дамытуға қолайлы уақыт. Жеке өміріңізде басымдылық танытпауға тырысыңыз. Ал даулы жағдайлар туындаса, есікті тарс жауып, кетіп қалуға асықпаңыз. Жұлдыздар қайтып келер есікті қатты жаппауға кеңес береді. 

2020 жылға арналған барлық белгілердің жұлдыз жорамалын мына жерден көріңіз

Балықтар: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Талқылау