2020-2021 оқу жылындағы демалыс күндері белгілі болды
Білім және ғылым министрлігі оқушылардың жаңа оқу жылында қалай демалатынын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2020 жылғы 13 тамыздағы бұйрыққа сәйкес келесі мерзімдер анықталды:
- 2020-2021 оқу жылының басталуы - 2020 жылдың 1 қыркүйегі;
- бірінші сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы - 33 академиялық апта, 2-11 (12) сыныптарда - 34 академиялық апта;
оқу жылындағы демалыс кезеңдері:
- 1-11 (12) сыныптарда: күзгі – 10 күн (2020 жылғы 5 қарашадан бастап 14 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 10 қаңтарға дейін қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2021 жылғы 20 наурыздан бастап 31 наурызды қоса алғанда);
- 1-сыныптарда: қосымша демалыс – 7 күн(2021 жылғы 8-14 ақпан аралығында).
Бұған дейін білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуға қарамастан, мектептегі демалыс мерзімі өзгеріссіз қалатынын атап өткен.
"Қашықтан оқыту форматына қарамастан, балалар қатты шаршайды, сондықтан демалыс кезінде бізде өзгеріс болмайды", - деп жауап берді министр.
1 қыркүйектен бастап республика мектептерінде қашықтықтан оқыту басталады. Сондай-ақ, кіші мектеп оқушылары үшін кезекші сыныптарда оқу қарастырылған.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен