2019 жылы Тоқаевқа қарсы шыққан айтыскер Ринат Зайытов "AMANAT" партиясының атынан мәжіліске депутат болды
2019 жылғы наразылық "көшбасшыларының" бірі айтыскер Ринат Зайытов "AMANAT" партиясының құрамында мәжіліске депутат болып сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Зайытовтың Мәжіліс депутаты болғаны "АMANAT-тың" сейсенбі күні таратқан мәліметінде белгілі болған, онда мандаттарды бөлудің партиялық тізімі инфографика түрінде көрсетілген.
Еске салайық, 2019 жылдың 9 маусымында Астана мен Алматыда сайлау учаскелерінде көптеген заң бұзушылықтар мен наразылық білдірушілер жаппай ұсталуымен өрбіген Қазақстандағы президент сайлауы өтті. Сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатқалы уақытша президент болып тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге есептегенде жеті кандидат қатысты. Сайлау нәтижесіде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылар даусының 70,96 % иеленіп, президент болып сайланды. Нәтиже бойынша алғашқы үштікке 16,23 % көрсеткішпен өзін оппозиция өкілі деп санайтын Әміржан Қосанов пен Қазақстан сайлау тарихындағы алғашқы әйел-кандидат Дания Еспаева сайлаушылар даусының 5,05 % жинап енді.
- Ринат Зайытов: Келесі сайлауға міндетті түрде қатысамын
- "Үйі жоқ үш баланың анасы, контролер 67 044 теңге айлықты қанағат тұтуға мәжбүр": Ринат Зайытов биліктегілерге хат жазды
Қарсылық білдірушілердің жаппай шерулері мен оларды ұстау 10 маусымға дейін жалғасқан. Сол кезде ұсталғандар арасында белгілі айтыскер Ринат Зайытов та болған. Қамауға алынғаннан кейін көп ұзамай Заитов көпшілік алдында наразылық тақырыбынан алшақтап, кейінірек тіпті мемлекеттік мекеменің - "Алатау" дәстүрлі өнер театрын директоры болды.
"AMANAT" партиясының атынан сайланған мәжілістің VIII шақырылымы депутаттарының толық тізімі төменде инфографикада берілген.