"2018 жылы төбелес болды, бірақ әділ жаза тағайындалмады": Қаракемер тұрғындары масанчиліктермен жиі болатын кикілжіңдер жайлы айтып берді

Қаракемер ауылының тұрғындарының сөздерінше, Қордайда болған жағдайдың себебі жылдар бойы жиналған халық наразылығы екен. Бұған жергілікті билік кінәлі дейді олар. Бұл жақта мәселенің барлығы ақшамен шешілетін көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.  

Қордай

"Жемқорлыққа белшемізден батқанбыз. Мәселелердің барлығы ақшамен шешіледі. Мысалы өткен жылдың желтоқсанында екі ұстазды мектептің ішінде ұрып кетті. Әлгі мұғалімдерден күштеп бұзақыларға еш шағымымыз жоқ деп жаздыртып алды. Осылайша істі жылы жауып қоя салды", - дейді Қаракемер тұрғыны. 

Қаракемер ауылының тұрғындары біздің шағымдарымыз сотта емес жеке бөлмелерде шешілетін деп отыр. 

"2018 жылы ауылдағы жігіттердің арасында тағы бір төбелес болды. Сотқа арыз жазғанбыз. Ең қызығы қаракемерлік жігіттер шартты жазаға кесілді, бірақ екінші тарап - Масанчидің бірде-бір тұрғыны жауапкершілікке тартылмады. Шенеуніктер мен полицейлер қайда қарап отыр? Олар ақша алып, істі жаба салады. Ылғи да біз кінәлі боламыз, өйткені бізде ақша жоқ", - деп ашынды тағы бір тұрғын. 

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан төрт ауыл жапа шекті. Олар: Масанчи, Сортқбе, Ауқатты, Бұланбатыр елді аймақтары. Жақындары мен өз өмірлері үшін алаңдаған ауыл тұрғындары үйлерін тастап Қырғызстанға асып кеткен. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавируске қатысты заң шығарылды

Заң бойынша шетелдік азаматтар үш топқа бөліп қарастырылады екен

Таксист болып жүрген жеті баланың анасына көпшілік көмектесе бастаған (видео)

Даниал Ахметов коронавирус жайлы: Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарына қорқудың қажеті жоқ

Әкімнің айтуынша, шекара қатаң қадағалауда

Work and travel: Бағдарлама бойынша АҚШ-қа барып келген жастар тәжірибесімен бөлісті

Бағдарламаға қатысушы студент: Өз-өзіңе деген сенімділікті арттырады

Ұйқы қанбаудың қауіптілігі айтылды

Ұйқы жетіспеушілігі ағзада бірқатар ауру туғызуы мүмкін

Қазақстанда есірткі сатумен айналысқан сегіз сайт анықталды

Олардың қызметі заңға қайшы деп табылды

"Бәйтерек" холдингінің басшылығы жалақылары жайлы айтудан бас тартты

Ұйым басшысының орынбасары үкіметтің бекіткен жарлығын алға тартты

Алматы қаласының әкімі Қордайдағы қақтығыс жайлы: Базар басшылығын түн ортасында жинадық

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қордайда болған қақтығыстарға байланысты мәлімдеме жасады

Денсаулығына байланысты Бақауов түрмеден үйқамаққа ауыстырылды

Оның денсаулығы күрт нашарлап кетті

Карантинге жабылған кемедегі қазақстандықтар қашан елге жеткізіледі

Оларды елге ұшақпен алып келу жоспарлануда екен
Çàãðóçêà...