Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2016 жылдан бері мазалап жүр": Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға түсіп қалды

Отандық киножұлдыз Жұлдыз Әбдікәрімованың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Актрисаның айтуы бойынша, дәрігерлер нақты диагноз қоймаған. 

“Жағдай осылай болып тұр. Осыдан екі күн бұрын талма ұстап, ауруханадан бір-ақ шықтым. Есімнен танып қалдым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Күндізгі стационарда, неврология бөліміндемін. Дәрігерлердің айтуынша, әзір ем алуым керек, содан кейін тексерістен өтемін. Қан талдауын тапсырып қойдым. Ертең МРТ түсіреді. Содан кейін ғана диагноз белгілі болады. Ауырмаңыздар, іздеп жатқан жандарға көп рақмет", – деп палатадан сәлем жолдады өнер иесі.  



Сонымен қатар басы ауыратын адамдарға үндеу жасап, денсаулыққа немқұрайды қарамауға шақырды. 

“2016 жылдан бері басым ауыра бергесін, ем қабылдап жүрмін. Карантин кезінде ол жайлы ұмытып кетіппін. 6 ай сайын ем қабылдауым керек еді, соны қазақылыққа салынып, кейінге шегере беріппін. Бас сақинасы ұстап тұр, шай ішпегеннен, біреу маған осылай сөйлегеннен деп басымның ауырғанына мән бермеген едім. Жағдай осылай болып тұр”, – деді актриса. 

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова екінші ұлының денсаулығына алаңдайтынын жеткізген еді. 

Талқылау