200 млн теңге жымқырған: Қызылорда облысында білім бөлімінің 9 қызметкері сотталды
Қызылорда облысында Жаңақорған аудандық білім бөліміндегі бюджет қаражатын ұрлау ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Прокуратураның мәліметінше, Жаңақорған аудандық сотында 200 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған тоғыз адамға қатысты үкім шықты.
Сотқа дейінгі тергеуді облыс прокуратурасы жүргізген. Сот барысында мемлекеттік айыптаушы күдікті тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударылғанын дәлелдеді.
4,3 миллиард теңге шығын келген: Талдықорған қаласының білім бөлімінің экс-басшысы 11 жылға сотталды
“Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылды, қалған жеті сыбайласы бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, шартты түрде сотталды. Келтірілген залал ішінара өтелді", – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында білім бөлімінің 41 қызметкері ақша жымқырды деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.