"200 мың теңге ұсынды": Алматы облысында өзіне қол салмақ болған баланың анасы мәлімдеме жасады
Алматы облысында аспирин ішіп, өзіне қол салмақ болған баланың анасы мектеп директорына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйелдің сөзінше, мектеп директоры 200 мың теңге ұсынып, полициядан арызын қайтарып алуын сұраған.
"Мектеп директоры маған келіп, "200 мың теңге беремін, мұндай ештеңе болмады деп арызыңды қайтарып ал. Анаң Бесағаш чатында кешірім сұрасын" деді. Мен бас тартып, бұдан кейін байланысқа шыққан жоқпын", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін 4-сынып оқушысының өзіне қол салмақ болғаны туралы хабарлаған едік. Оқушы қоштасу хатын жазып, бір қорап аспирин ішкен.
Ал баланың әжесі оның бұл әрекетке баруына мектептегі буллинг себеп болғанын айтты. Сөзінше, немересін мектеп әжетханасында әлдекімдер қорлағанын. Шашын қырқып, көйлегін жыртқан көрінеді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды