Қазақстанда 15 қазаннан кейін қатаң карантин енгізіле ме - Министрлік түсініктеме берді
Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстанда 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін қатаң карантин енгізіледі" деген қауесетке түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұған дейін 20 қыркүйектен бастап карантин күшейтіледі деген қауесетке түсініктеме беріп қойған едім. Карантинді күшейту жоспарланбағанын ресми түрде хабарлаймын. Бұл жалған ақпарат. Қазақстандықтарды бейресми ақпаратты таратпауға және оған сенбеуге шақырамын. Егер карантин күшейтілетін болса, хабарлаймыз", - деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
- Екінші дүниежүзілік карантин қайталанады: ДДСҰ басшысы болжамдарымен бөлісті
- Карантин кезінде басқосу ұйымдастырған Маңғыстау облысы әкімдігінің шенеуніктері сөгіс алды
- Алматыда карантинді бұзған бизнесмендерге 16 миллион теңге айыппұл салынды
Байтанаев елде карантин шаралары біртіндеп жеңілдеп келе жатқанын айтады.
"Жалған ақпаратты таратушыларды іздейміз, полицияға арыз жазамыз. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ бас санитарлық дәрігердің барлық талаптарын сақтау керек", - деді ол.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирустың екінші толқынының болжамды мерзімдерін атап өткен болатын.