Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екінші дүниежүзілік карантин қайталанады: ДДСҰ басшысы болжамдарымен бөлісті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебресиес екінші дүниежүзілік карантин қайталануы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз қаншама адамнан айырылдық, экономикамыз құлдырады. Әлемдік экономика рецессияға ұшырады, әлеуметтік-саяси ақаулар пайда болды. Еуропа да айтарлықтай қиындық көрді. Көптеген мемлекеттер қатты зардап шекті. Бір тәулікте ауру жұқтырғандардың саны наурыз айындағыдан да әлдеқайда көп. Өлім санының да бір қалыпқа түскеніне көп бола қоймады. Егер біз вирустың таралуына кедергі жасамасақ, онда тағы да көптеген адамдардан айырылып қаламыз. Толық карантинді қайта енгізудің нақты қаупі бар, ол әлемдік экономикаға өте қымбатқа түспек", - деді Тедрос Аданом Гебресиес.

Сонымен қатар, ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге Еуропада коронавирустың өлім-жітімі төмендейтінін хабарлады.

"Жағдай күрделене түседі. Қазан-қараша айларында біз өлім саны артады деп күтудеміз", - деді Клуге.

Бұған дейін ДДСҰ коронавирус жұқтырған науқастардың рекордтық өсімі туралы жариялаған болатын.

Талқылау