Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда карантинді бұзған бизнесмендерге 16 миллион теңге айыппұл салынды

Алматыда бір апта ішінде карантиндік шараларды бұзғаны үшін 40-қа жуық кәсіпкерлік объектісіне айыппұл салынды, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері 7-14 қыркүйек аралығында 39 объектіде карантин режимінің бұзылуын анықтады. Қала тұрғындарын да жауапқа тартты. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 16,37 миллион теңге.

"Кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі бұзушылықтары - дезинфекциялық құралдардың болмауы, жұмыс режимін, маска режимін бұзу және т.б.

Мысалы, Алматы қаласы Түрксіб ауданының мониторингтік тобының жұмысы барысында "Ламази" мейрамханасында 60 адамға арналған Үйлену тойын (кудалык) өткізу бұзушылығы анықталды. Осыған ұқсас бұзушылық Медеу ауданындағы "Айлина" мейрамханасында тіркелген. Кәсіпкерлердің әрқайсысына қатысты хаттама толтырылып, 230 АЕК (638 940 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - делінген ведомство хабарламасында.

Департаментте хабарлағандай, 17 тамыздан бастап осы уақытқа дейін мониторингтік топтар тоғыз мыңнан астам тексеріс жасады.

"Әкімшілік бұзушылықтар туралы 3756 хаттама толтырылды. 1635 нысан өз қызметін тоқтатты. Маска режимін бұзғаны үшін 3366 жеке тұлғаға айыппұл салынды, оның ішінде Арбат аумағында - 69 адам. Карантин шараларының сақталуын бақылау бойынша қоғамдық көлікте жеке жұмыс жүргізілуде, 27 тамыздан бастап 61 адамға маска болмағаны үшін айыппұл салынды", - деп толықтырды санитарлық-эпидемиологиялық ұйым.

Алматыда карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында барлығы 26 мониторингтік топ жұмыс істейді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін маңызды. 

Мониторингтік топтардың құрамына аудан әкімдіктерінің өкілдері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ полиция қызметкерлері кіреді.

Талқылау