Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 миллионнан астам қазақстандық мемлекеттік қызметкер Қазақстандағы және шетелдегі мүліктерін жариялады

Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде 2 миллионнан астам қазақстандық мемлекеттік қызметкер жұбайларымен бірге Қазақстандағы және шетелдегі мүліктерін жариялады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

декларация

Қаржы министрлігінің (ҚМ) Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) мәліметінше, 
бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың 2 миллионнан астам қызметкері жұбайларымен бірге Қазақстан Республикасы және одан тыс жерлерде алғаш рет өз активтерін жариялады.

Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап компания басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары, оның ішінде қызметін уақытша тоқтатқандар мүліктерін декларациялауы тиіс.



Декларацияны толтырар алдында азаматтар бағалы қағаздар веб-сайттарына https://portal.kacd.kz кіріп, Қазақстандағы активтері мен міндеттемелерінің бар-жоғын өз бетінше тексере алады. Құрылысқа үлестік қатысу туралы келісімдер бойынша https://homeportal.kz, зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz және сенімгерлік басқарудағы мүлікке қатысты https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu

Сонымен қоса дебиторлық/кредиторлық берешек бойынша Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу қажет, деп хабарланды. 

Азаматтардың 98%-ға жуығы декларацияны электронды түрде тапсырған. Декларацияны уақытында тапсыра алмағандарға ескерту жасалады.

Талқылау