2 ай бойы көрмеді: Шымкент тұрғыны карантин кезінде Өзбекстанда қалып қойған қыздарымен қайта қауышты
Шымкентте карантиннің кесірінен шакараның екі жағында қалып қойған анасы мен балалары қайта қауышты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Шымкент тұрғыны Айнұр Базарова көктемдегі демалыс алдында үш қызын Ташкенттегі төркініне апарып тастаған. 16 наурызда шекара жабылып, әйел балаларына бара алмаған. 2 ай бойы қыздарын көре алмай жүрген ана ұлттық арнадан көмек сұраған екен.
Белгілі болғандай, қыздардың үлкені 17 жаста, ал кішісі 3 жасқа да толмаған. Ұлттық арна ұжымы Өзбекстандағы консульдыққа хабарласып, көмек сұраған екен.
"Қазақстан" арнасына рақметімді айтамын. Бүгін қыздарыммен қауышуыма себепкер болды. Консульдыққа да рақметімді айтамын", - деді Айнұр Базарова.
Қауіпсіздік шараларына байланысты анасы мен қыздары 14 күндік карантинге жіберіледі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"