"2-3 жыл сайын жаңартамыз": Мөлдір Әуелбекова әкесіне көлік сыйлады
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әкесіне темір тұлпар сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/
Өнер иесі әкесінің көлігін жыл сайын жаңартып бергісі келетінін жасырмады. Тосынсый болу үшін әкесін үйіне тамаққа шақырған.
“Дәл қазір эмоцияға толы сәт болады. Себебі мен әкеме кезекті жаңа көлігін сыйлаймын. Бұл себепсіз сыйлық, ол әлі ештеңе білмейді. Қазір үйге қонаққа тамаққа шақырдым", – дейді әнші.
- "Әкесіз бала толыққанды болып өспейді": Мөлдір Әуелбекова жалғызбасты аналарға қолдау білдірді
-
"Орамалым үшін қатыстырмайды": Мөлдір Әуелбекова сахнадан шеттетілгенін растады
Көп ұзамай өнер иесі әкесіне көлік кілтін табыстап, оқырмандарына тілектестік білдірді.
"Осылай әрқайсысыңызға себепсіз ата-аналарыңызды қуанту бұйырсын. Есеп бойынша нешінші көлік екенін білмеймін, 2-3 жыл сайын жаңартамыз. Бешбармақ осы. Үйге тамаққа шақырып, сәйгүлік мінгізіп жібердік! Әрбірімізге көз қуаныштарымызды себепсіз, жиі-жиі қуантуымызды бұйырсын!", – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
Еске салайық, өнер иесі қыз жасауын көрсетіп, жақсы жаңалығын жариялаған еді.