19 жастағы қыз екі түрлі әкеден егіз бала дүниеге әкелді

Бразилияның Гояс штатындағы Минейрус қаласында ерекше жағдай тіркелді. 19 жастағы қыз бір күнде екі ер адаммен жыныстық қатынасқа түсіп, кейін екі түрлі әкеден егіз бала дүниеге әкелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Егіздердің анасы есімін жарияламауды өтінген. Ол балалардың биологиялық әкесін анықтау үшін ДНҚ сараптамасын жасатқан. Алдымен әкесі деп ойлаған ер адамнан тест алынған. Алайда екі рет жүргізілген сараптама оның егіздердің біреуінің ғана әкесі екенін көрсеткен.
Осыдан кейін әйел сол күні тағы бір ер адаммен жақын қатынаста болғанын есіне түсірген. Екінші ер адам ДНҚ тестін тапсырғанда, оның екінші сәбидің биологиялық әкесі екені анықталды.
ОқыңызБұл құбылыс ғылымда “”гетеропатерналды суперфекундация” деп аталады. Дәрігер Тулио Жорже Франконың айтуынша, мұндай жағдай бір ананың екі жұмыртқа жасушасы әртүрлі ер адамдардың сперматозоидтарымен ұрықтанғанда болады.
Мамандар мұндай жағдай өте сирек кездесетінін айтады. Әлемде осыған ұқсас шамамен 20-ға жуық дерек тіркелген.
Қазір әкелердің бірі екі балаға да қамқорлық жасап, анасына қолдау көрсетіп келеді.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр