Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

19 миллион теңге қарыз: Астанада алимент төлемеген ер адам қамауға алынды

Астана тұрғыны алимент төлемегені үшін қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Нұра ауданының прокуратурасы 2015 жылдан бері алимент төлемеген елорда тұрғынын анықтады. Қарыз сомасы 19 миллион теңгеге жеткен.

"Аудан прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігі “Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқару құжатын орындамау” бойынша әкімшілік іс қозғады. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен борышкер бес тәулікке қамауға алынды", – делінген елордалық прокуратураның хабарламасында.

Ресми деректер бойынша, Қазақстанда алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салу не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауаптылық көзделген.

Талқылау