AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

160 миллиард доллар: Шетелге шығарылған ақша Қазақстанға қайтарыла ма

Қазақстандықтар соңғы 25 жылда елімізден шетелге шығарылған 160 миллиард доллар жайлы ақпаратты қызу талқылауда. Бұған дейін "Ақ Жол" партиясының депутаттары осындай сомманы атап, Қаржы мониторингі агенттігінен бұл туралы мәлімет ұсынуды және қаңтар оқиғалары кезінде офшорға ақша аударғандарды анықтауды сұраған еді. Мамандар қаржыны табу қиынға соқпайтынын айтады. Алайда ақшаны елге қайтару мәселесі әлдейқайда күрделі екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

доллар

Мұның қаншалықты үлкен сомма екенін білу үшін 160 миллиард долларға қандай нысандар салуға болатынын есептеп көрген. 160 млрд доллар Қазақстанның үш Ұлттық қорына тең. Сонымен қатар бұл сомма төрт республикалық бюджет көлемінен көп. 
Шетелге шығарылған ақшаға Назарбаев зияткерлік мектебі стандарты бойынша 9 000 мектеп салуға немесе 1 және 2 бөлмелі 4 миллион пәтер сатып алуға болады. Нәтижесінде қазақстандықтар үшін тұрғын үй мәселесі түбегейлі шешілер еді. 

Қазақстан Құрылысшылар одағының мәліметіне сүйенсек, елде 2 миллионнан астам адам үйге мұқтаж. Көріп тұрғанымыздай, 160 млрд доллар бірнеше сұрақты шеше алады. Қаржы сарапшысы Арман Бейсембаевтың сөзінше, мемлекет шетелге ақшаны кім және қайда шығарып жатқанына қызығушылық танытпағандықтан, қаржысын бөтен елге жасырғандар саны көбейген. 

"Ақша түрлі сылтаумен шығарылған. Оның үстіне қаржы ағымын бақылау жақында ғана енгізілді. Бұған дейін сіз кез келген сомманы шетелге емін-еркін аудара алатынсыз. Ал сізге артық сұрақ қойылмайтын. Осының салдарынан Қазақстанның жылдық жалпы ішкі өніміне тең қаржы шетелге шығарылған. Ал жоғарыдағылар бұл жөнінен хабарсыз болды деу қателік. Олар бұған назар аудара қоймаған сыңайлы", - дейді Арман Бейсембаев.



Ал заңгер Станислав Лопатин офшордағы ақша ұшты-күйлі жоғалды дегенді білдірмейтінін айтады. Ақшаның қалай және қайда жіберілгенін анықтауға болады екен. Себебі сандық із жойылмайды. 

"Оларды қолма-қол ақша күйінде шығармайды. Барлық 160 млрд долларды бұлай шығару мүмкін емес. Бұл үшін бірнеше жүк көлігін пайдалану керек. Оларды банк және есепшот арқылы шығарады. Әр операцияның тарихы, уақыты болады. Қаласа, іздеп табуға болады. Қазір шенеуніктердің офшордағы қаржыға аса қызығушылық танытпайтынын көруге болады", – дейді Станислав Лопатин.

Қаржыны іздеп табудан гөрі елге қайтару әлде қайда күрделі мәселе екен. Бұл үшін офшор иелері мемлекетпен келісімге келіп, өз еріктерімен қайтаруы қажет.

Ақшаның шығарылуын Қазақстанда Бас прокуратура тергейді. Олардың 5 жыл бұрын келтірген мәліметінде 10 жылда елден 100 млрд теңге немесе 230 млн доллар шығарылғаны көрсетілген. Ал бұл қаржы "Ақ Жол" партиясы келтірген соммадан 700 есе аз.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге ақша шығарып жатқан азаматтарды толық тексеруге тапсырма берген еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр