Ақтауда шетелге 15 мың доллар әкетпек болған азамат ұсталды
Ақтау әуежайында шетелге заңсыз ақша әкетпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Lada.kz сайтының мәліметінше, материалдар Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.
“Мән-жайларды анықтау барысында ұсталған азаматтың Қазақстаннан Грузияға бара жатқаны анықталды. Жарияланбаған валютаны – 15 650 АҚШ долларын алып кету әрекеті болды”, – деді Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда доллар 400 теңгеге дейін арзандауы мүмкін бе? Экономистер пікірі
Қазақстандық теңге нығайды, доллар 400 теңгеге дейін арзандай ма?
Жасөспірімнің қорқынышты суреттері көпшіліктің назарын аударды: Психолог ата-аналарға ескерту жасады
Жағдайды жасөспірімнің әпкесі желіде баяндап, кеңес сұрады