16 жастағы баласын әкесі Сирияға алып кеткен: Қазақстанға қашып келген жеткіншек бірақ, түрмеге отырғызылды
Абай Хамзулиновты 15 жасында әкесі Сирияға өзімен бірге алып кеткен. Алайда, ол 18 жасында елге оралды. «ДАИШ» террорлық ұйымының операциясына қатыспағанын айтқан ол, лагерьдегі оқуынан өткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
31 шілдеде Батыс Қазақстан облысы аппелияциялық алқасының соты қалалық сотының 19 жастағы Абай Хамзулиновті террористік ұйымға қатысқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айыру үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Абай Хамзулинов "ДАИШ" тобының Қазақстан аумағында және басқа да елдерінде тыйым салынған іс-шараларға қатысқаны анықталды. Алайда, ол өзіне тағылған айыппен келіспейді.
"Абайды әкесі Түркияға 15 жасында алып кеткен. Бірақ олар қарындасы екеуі ұзаққа кететінін білмеген. Жазғы демалыс деп ойлаған", – дейді Абайдың құқық қорғаушысы.
Абайдың айтуынша, Сирияда келген балалардың қолына қару беріп, оны қалай қолдануды үйретеді екен. Ал қарудан бас тртса, онда оларды жазалайтын болған. Тіптен кейбіреуін өлтіріп, денелерін асып қояды екен.
"Мен ешкімді өлтіргім келмеді. Соғысқым да келмейді. Сол себептен де ол жақтан қашып кеттім. Қайта күрттердің қолына түстім, егер ұстап алса мені өлтіріп тастар еді", – дейді Абай.
Абайды елге алып келгенде оның туыстары қуанған. Алайда, ол бірден түрмеге отырғызылды. Әпкесі Сәуле Курян Абайдың ешқандай да топпен байланысы жоқтығын айтады. Сол себептен оның сотын әділ болды деп есептемейді.
Ал Абайдың әкесі Руслан он жылға бас бостандығынан айырылды. Анасы Венера Хамзулинова да елге келіп, сотта баласының жақтаушысы ретінде қатысты.