16 жастағы қазақстандық Australian Open жарысының ширек финалына шықты
16 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Australian Open-2024 жарысында, өз мансабындағы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Қарағандылық жас теннисші турнирдің ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ktf.kz
Ол 1/8 финалда турнирге 14-нөмірмен тіркелген Оңтүстік Корея өкілі Чанджун Кимнен басым түсті.
Омарханов 6:3, 5:7, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші сетте басым түскен отандасымыз үшінші сетте қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Жасөспірімдердің ойыны 1 сағат 36 минутқа созылды.
Қазақстан теннисшісі келесі ойынын ертең Мельбурнда Нидерланд өкілі Мец Ротгерингке қарсы өткізеді.
Бұған дейін Аустралия ашық біріншілігінің жасөспірімдер арасындағы сайысының бірінші айналымында қарағандылық Әмір Омарханов турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы Федерико Чинаны жеңіп, сенсация жасағанын жазған едік.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен