Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"16 тамызда жойқын жер сілкінісі болады": Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратқа жауап берді

Желіде 16 тамыз күні таңғы сағат 4-те бүкіл планетада жер сілкінісі болады деген ақпарат тарады. Алайда еліміздің сейсмология институты ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Бүкіл әлемде жер сілкінісі болады деген ақпарат ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің мұрағатынан табылған карталарда бар екен. Хабарламаға Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты түсініктеме берді.



"Халықаралық сейсмологиялық орталықтардың ресми мәліметтеріне сәйкес, 16 тамызда, оның ішінде Қазақстан аумағында күші 5,5 баллдан асатын күшті жер сілкінісі тіркелмейді. Елімізде, шекаралас аймақтарда болып жатқан төтенше жағдайлардың барлығынан хабардар етеміз. Сондай-ақ біздің құрылғылар арқылы тіркелген транзиттік жер сілкіністері 112 Telegram-арнасында және seismology.kz сайтында жедел түрде орналастырылады. Тек ресми ақпаратқа сеніңіз", — делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін 10 тамызда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелген. 

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні Алматыда 4 баллдық жер сілкінісі тіркелген еді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зілзаладан кейін қабылдау пункттеріне 1329 адам жүгінген.

Сондай-ақ 4 наурызда 5 баллдық жер сілкінісі болған еді. Жер сілкінісі сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) тіркелген. 

Талқылау