16 миллиард теңгеден астам ақша жымқырған: Жетісу облысында 15 лауазымды тұлға ұсталды
Жетісу облысында арнайы прокурорлар лауазымды тұлғалардың 16,5 млрд теңге ұрлағанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бес қылмыстық іс тергелуде. 15 лауазымды тұлға ұсталды.
Сонымен қатар, осындай айыппен тағы екі қылмыстық іс сотқа жолданды.
Прокурорлардың айтуынша, шенеуніктер 400 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған. Бесеуі сотталды. 230 миллион теңгеден астам қаржы мемлекет кірісіне қайтарылды.
"Бірқатар лауазымды тұлғалар қамауға алынды. Жалпы, іс жалғасуда. Жақын арада соңғы процессуалдық шешім қабылданып, іс сотқа жолданады, кінәсі дәлелденетін барлық тұлғалар да анықталатын болады", - деді Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар