150 миллион теңгеге кино түсірген Назар аудар командасы фильмнен қанша ақша түскенін айтты
Танымал әзілкеш, жайдарманшы Ақболат Өтебай Асхат Садырбайға берген сұхбатында фильмнен қанша табыс түскенін айтып қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/akbolatutebai
“Киноны пайда көру үшін емес, елге пайдамыз тисін деп ниеттеніп түсіріп едік. Құдай бәрін тойдырып тұрып, пайдасын беріп жатыр. Ризығын өлшеген жоқпыз. Кассадан 1 миллиардқа жуық ақша түсті. Киноның жалпы шығыны 100 миллионнан асады. Мен үйдің ақшасын да санамайтын адаммын. Осы жерде мойындайын, үйде ақшаны әйелім ұстайды. Ақшаның бәрін өіне беріп тастап, өзіме керегін шетінен сұрап аламын. Оған қатты көңіл қоймаймын. Ақшаны жақсы көріп кеткен де жаман екен. Аз боп қалса көңіл күйің түседі. Одан да бәрібір боп жүре берген дұрыс”, – дейді Ақболат Өтебай.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда