15 жасар қыз қабағын тестіремін деп көз жұмды
Бразилияның Минас-Жерайс штатында 15 жасар қыз қабағын тестіремін деп инфекция жұқтырып, жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеме жасап.
Изабела Эдуарда де Соуса анасынан қасын тесуге рұқсат сұраған. Бірақ қыздың отбасы оған рұқсат бермепті. Алайда қыз отбасын тыңдамай, қабағын тестірген.
Қыз досынан үй жағдайында қабағын тесуге көмектесуін сұраған. Процедура барысында қыз нфекция жұқтырған. Ол қабағын тестіргеннен үш күннен кейін көз жұмды.
Қыз жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Ауруханада қыздың жүрегі төрт рет тоқтап қалған. Артынша ол басқа медициналық мекемеге ауыстырылды, бірақ қызды құтқару мүмкін болмады.
Дәрігерлердің айтуынша, егер қыз тірі қалса, пирсингтің салдарынан көзі көрмей қалатын еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”