Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция қызметкері 13 жастағы қыздың жалаңаш суреттерін оның сыныптастарына таратып жіберген

Ресейдің Тула қаласында полицей оқушы қызды бопсалап, оның жалаңаш суреттерін сыныптастарына таратып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қыз

32 жастағы полиция капитаны Алексей Шатаев әлеуметтік желіде мектеп оқушысымен танысқан. Ол желіде жалған парақша ашып, мектеп оқушысын жалаңаш фотосуреттер жіберуге көндірген.

Шатаев менің досыммен төсектес боласың, әйтпесе, суреттеріңді жариялап жіберемін деп қызды бопсалайды. Алайда оқушы бұған келіспейді. Ал полицей айтқанын істейді. 

Полиция қызметкерін оның интернетке кірген нөмірі бойынша табу мүмкін болған. Ұсталған ер адамға қатысты "14 жасқа толмаған тұлғаны азғыру" және "Жеке өмірге қолсұғушылық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Полиция қызметкеріне қатысты оның заңсыз әрекеті бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде ол жұмыстан босатылды, ал оның басшылары бұл оқиғаның алдын алуға жағдай жасамағаны үшін жауапкершілікке тартылады", – делінген полиция хабарламасында.

Талқылау