15 жасар қазақстандық теннисші алғаш рет ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды
15 жасар қазақстандық Әмір Омарханов Қарағандыда төртінші санаттағы ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әмір финалда отандасы Ілияс Маратұлын 3:6, 7:5, 6:1 есебімен ұтты.
"Алғаш рет осындай дәрежедегі жарыста жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бір апта бұрын ойыным жүрмеді, дегенмен бірте-бірте қалыпқа келдім. Дода барысында қарқынымды күшейте түстім", деді Ә.Омарханов.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазіргі кезде Чехияда жаттығады.
Жұптық сында қазақстандық Әдемі Аманкелді ресейлік Софья Гапанковамен бірге финалда ресейліктер Зоя Левина - Анастасия Рожкованы тізе бүктірді.
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн