Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 миллиард теңге табыс тапқан: Астанада криптовалютаны қолма-қол ақшаға заңсыз айырбастағандар сотталды

Астанада криптовалютаны қолма-қол ақшаға заңсыз айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан азаматтар сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

афм

Қаржы мониторингі агенттігі Астана қаласы бойынша департаментімен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша А.В.Кучукова пен Е.Т. Садыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанын мәлімдеді.

Сәрсенбі күні тараған ақпаратқа қарағанда, аталған азаматтар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан.

“Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы – 15 млрд теңге. Олар 1,5%-дан 2,5%-ға дейін сыйақы алып отырған. Криптовалюта әмиянының балансындағы 22894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың АҚШ доллары және 7 млн теңгеге жуық ақша мемлекет кірісіне тәркіленді”, – делінген хабарламада.



Сот А.В.Кучуковқа мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Е.Т.Садыровқа мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Агенттік Қазақстан аумағында заңсыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге асыруға тыйым салынғанын ескертеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда криптовалюта саудасымен айналысып, жүз миллион теңгеге жуық заңсыз пайда тапқан тұрғын ұсталған. Криптоплатформада қитұрқы әрекетімен көзге түскен азаматты да қаржы монторингі агенттігі анықтады.

Талқылау